Хабар телеарнасы

Қ. Тоқаев: Юрий Гагариннің Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшуы – әлемдік ғылым дамуының жарқын көрінісі

«Осы айтулы күні аса көрнекті ғалым Қаныш Сәтбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келуінің мәні зор. Келешегі бар ғылыми зерттеулерді қолдау, ұлтымыздың зияткерлік әлеуетін арттыру – сөзсіз шешімін табуы тиіс стратегиялық міндет», – деп жазды Қазақстан Президенті өзінің Твиттер парақшасына.

Мемлекет басшысы ғарышкерлер күніне орай да өз пікірін білдірді.

«Осыдан 60 жыл бұрын адамның ғарышты игеру дәуірі басталды. Юрий Гагариннің Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшуы – әлемдік ғылым дамуының жарқын көрінісі. Қазақстан халықаралық бағдарламаларға ғарыш технологиясын игеруге белсенді атсалыса береді», – делінген Твиттер парақшасында.