Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады
Президент өз жазбасында бұл ай күллі мұсылман қауымы үшін рухани тұрғыдан жаңару кезеңі екеніне тоқталды. Сондай-ақ өзара сыйластық пен мейірім, ізгілік пен кешірім сияқты асыл қасиеттер дәріптелетін кез екенін айтты. «Өкінішке қарай биыл да Рамазан айы күрделі кезеңде өтетін болды. Жұқпалы дертті ауыздықтау үшін барлық шаралар жасалуда. Еліміздегі мұсылман жамағатын қауіпсіздік талаптарын сақтауға, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұсынымдарын мүлтіксіз орындауға шақырамын. Елімізге амандық, әр шаңыраққа бақ-береке тілеймін!», – делінген құттықтау хатта.