Мемлекет басшысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді
Бұл қаражат жол құрылысын жүргізуге, пандемиядан зардап шеккен кәсіпкерлікті дамытуға және агроөнеркәсіптік кешен мен жұмыспен қамту салаларына жұмсалады. Дәрігерлердің жалақысына қосылатын үстемақы мен әскерилерге берілетін баспана да осы қаржыдан қарастырылмақшы.
Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық бюджетті нақтылау жөнінде жиын өткізді. Басқосуда ел дамуына қатысты ұсыныстар да талқыланды. Президент жауапты органдарға бюджет шығынын азайтып, кірісін арттыруды тапсырды. Сондай-ақ мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру, инфрақұрылым мен цифрландыруды дамыту мәселелері де сөз болды.