«ҚазАвтожол» компаниясының басқарма төрағасы Ұлан Әліпов қызметінен босатылды
Жазбада Әліповтың жұмысты дұрыс жүргізбегені айтылған.
Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке республикалық және жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту жөнінде кешенді шаралар қабылдауды тапсырды. Барлық өңірде бюджет қаржысының жұмсалуына, көлік магистральдарының салынуы мен жөнделуі жіті бақылауға алынады. Президент алдағы уақытта аталған мәселені өзінің жеке бақылауында ұстайды.