Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой QazVac вакцинасын салдырды
Алғашқылардың бірі болып отандық вакцинаны денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алды. QazVac екпесінің өзге вакциналардан ерекшелігі – оны жеткізу процесі күрделі тоңазытқыш қондырғыларын қажет етпейтігінде. Вацинаны +2 мен 8 градус температураға дейін тасымалдауға болады. Екпе салу 21 күн аралықпен екі рет жүргізіледі.
Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
- Әрбір өңірге вакцина бекітілген кестеге сай жеткізіледі. Вакцина тапшылығы байқалмауы тиіс. Азаматтар егілу қауіпті кеселден қорғанудың ең тиімді жолы екенін түсінді. Жалпы айтар болсақ, елде вакциналау науқаны қарқынды жүріп жатыр. Соңғы мәлімет бойынша, әрбір жиырмасыншы қазақстандық коронавирусқа қарсы екпе алған.