Қазақстан мен Беларусь Президенттері телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшылары пандемиядан кейінгі кезеңде бірлескен жаңа жобалар мен бастамаларды жүзеге асыру, өзара сауда-саттық көлемін ұлғайту, экспортталатын тауар түрлерін әртараптандыру, екі елдің бизнесі мен өңірлері арасындағы тікелей қатынастарды жолға қою төңірегінде пікір алысты. Осылайша, Президенттер ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның кезекті отырысын жуық арада өткізуге уағдаласты. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің биылғы мамырда өтетін отырысын ескере отырып, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Лукашенко күн тәртібіндегі негізгі интеграциялық мәселелерді тағы бір мәрте пысықтады.