А. Саин Қ. Тоқаевқа балалардың құқықтарын қорғауға қатысты қабылданған шешімдерді хабарлады
Мемлекет басшысына балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қатысты бұған дейін берген тапсырмаларының нәтижесінде қабылданған шешімдердің жайы баяндалды. Аружан Саин Қасым-Жомарт Тоқаевқа балалар арасындағы мүгедектік деңгейін төмендетуге бағытталған Мүмкіндігі шектеулі балалардың тұрмыс сапасын арттыру жөніндегі Жол картасының орындалуы жайында мәлімет берді. Соныман қатар денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және білім беру жүйелеріндегі мекемелерде, интернат, балалар үйінде және мамандандырылған интернаттарда оқитын балалардың құқығын қорғауға бағытталған бірқатар ұсыныс айтылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың құқықтарын қорғаудың аса маңызды екенін айта келе, көтерілген мәселе бойынша бірқатар тапсырма беріп, мұны әрқашан жіті бақылауында ұстайтынын ескертті. Президент кез келген қиянатты іс-әрекеттердің жолы кесіліп, кінәлілер жазалануы керек екенін айтты.