Елбасы мен ҚР Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады
Онда: «Қазан қаласының № 175 мектебінде болған трагедия салдарынан балалар мен ересек адамдардың опат болғаны туралы қайғылы хабарды күйзеліспен қабылдадым. Қаза тапқандардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектеспін», – деп жазылған.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Қазан қаласында болған қайғылы оқиғаға байланысты Владимир Путинге көңіл айтты. Президенттің жеделхатында: «Қиын-қыстау сәтте балалары қайтыс болған отбасылардың ауыр қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын, – делінген.