Қ. Тоқаев Жапонияның Премьер-Министрі Ёшихидэ Сугамен телефон арқылы сөйлесті
Бұл – екі ел басшыларының алғашқы байланысы. Тараптар қазақ-жапон қарым-қатынасының жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Жапония – Қазақстанның Азиядағы негізгі стратегиялық серіктестерінің бірі әрі ірі инвесторларының ондығына кіреді. Елімізде жапон капиталының қатысуымен 50-ден астам кәсіпорын жұмыс істеп тұр.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, екіжақты ынтымақтастықты сапалы әрі жаңа деңгейге көтеру керек. Әсіресе ауыл шаруашылығы, геологиялық барлау, цифрландыру және жасанды интеллект салаларын нақты инвестициялық жобалармен толықтырып, жаңа экономикалық күн тәртібін әзірлеу қажет. Қазақстан Президентінің бұл ұсынысымен келіскен Ешихидэ Суга келер жылы елдер арасында дипломатиялық қатынастың орнағанына 30 жыл толатынын атап өтті.