Мемлекет басшысы бірқатар қабылдау өткізді
Ел бойынша 3 миллион адамға екпе салынды. Оның 2 миллионы вакцинаның бірінші компонентін, 1 миллионға жуығы екінші компонентін салдырды. Бұл жайында Президентке Премьер-Министр Асқар Мамин баяндады. Үкімет басшысы халықты жұмыспен қамтуға да тоқталды. Биыл 35 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Қазір мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы жаңа жүйемен төленіп жатыр. Мемлекеттік қызметшілердің саны да кезең-кезеңімен қысқартылады. Үнемделген қаржы жалақыны көбейтуге жұмсалады.
Бұдан былай қарамағындағы қызметкері жемқорлықпен қолға түссе, басшысы да заңмен жазаланады. Дер кезінде сыбайластықтың алдын алмағаны үшін жауап беруі тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Министрлер мен әкімдерге қатысты бұл тетікті тезірек бекіту керек», – дейді. Ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжановты қабылдап, бюджет қаржысын бақылау, жемқорлықтың алдын алу шаралары туралы сөйлесті.