Адам құқығы туралы қаулы мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауда маңызды рөлге ие
Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау да маңызды рөлге ие. Өйткені олардың арасында әлі күнге дейін қоғамнан шет қалып қойғандары өте көп.
Вениамин Алаев, Қ. Иманалиев атындағы мүгедек адамдардың құқығы жөніндегі комиссияның жетекшісі:
- Бұл құжат мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсартудың негізгі қозғаушы күші болады деп ойлаймын. Бүгінгі күні елімізде мұндай жандардың түрлі шешімді қабылдау процесіне, заң жобаларын жасауға белсенді түрде қатысып жүргені қуантады. Сөйте тұра олардың құқығы тапталатын сәттер де кездеседі. Сондықтан біз қазір Біріккен Ұлттар Ұйымының Мүгедектер құқықтары туралы конвенциясының факультативті хаттамасы ратификацияланса екен деп асыға күтіп жүрміз. Президенттің осы жолғы қаулысы соған жетудегі алғашқы қадам болады деп сенеміз.