07:55Эфирде: «Летние Олимпийские игры. Токио - 2020. Дзюдо». Прямой эфир
13:30Әрі қарай: «Ән әлемі»
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

В. Алекперов Қ. Тоқаевқа «ЛУКОЙЛ» мұнай компаниясының Қазақстандағы жүргізіп жатқан жұмыстары жайлы баяндады

  • Категория: Саясат
В. Алекперов Қ. Тоқаевқа «ЛУКОЙЛ» мұнай компаниясының Қазақстандағы жүргізіп жатқан жұмыстары жайлы баяндады

«ЛУКОЙЛ» мұнай компаниясының президентін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қабылдады.

Мемлекет басшысына мұнай компаниясының Қазақстандағы қазіргі жүргізіп жатқан жұмыстары мен жобалары баяндалды. Вагит Алекперовтің айтуынша, компания Каспий теңізі қайраңындағы «Жеңіс» және «Әл-Фараби» мұнай жобаларындағы, геологиялық барлау жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Бұдан бөлек ол Президентке былтыр Алматы облысында іске қосылған «ЛУКОЙЛ» зауытының жұмысы туралы айтып берді. Бүгінде зауыт әртүрлі жағармай материалының 800-ге жуық түрін өндіріп, экспорттап жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік компаниясының мұнай-газ секторын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

Сондай-ақ...