Қ. Тоқаев бесжылдық Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын бекітті
Әрине, алғашқысы – пандемия салдарынан келер сын-қатер, одан кейінгісі – ақпараттық кеңістік пен коммуникация, қаржы-экономикалық, жаһандық және өңірлік аренадағы дағдарыстар. Сондай-ақ адам мен қоғам қауіпсіздігі бірінші орынға қойылған. Яғни азық-түлік қауіпсіздігі, қаржы жүйесінің тұрақтылығы, көлік-транзит саласындағы қатерлерді азайту басты міндет екені жазылған.