Қорғаныс министрлігінде Қазақстан мен Пәкістанның әскери білім беру мәселелері талқыланды
Қазақстанның Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мейманмен кездесіп, кеңейтілген құрамда екі ел арасындағы әскери ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтсақ, әскери білім беру және білікті кадрлар даярлау тақырыптары пысықталды. БҰҰ миссияларында бітімгершілік контингентін бірлесіп өрістету жайы да сөз болды.