Елбасы Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт ұйымының басшысымен кездесті
Роберт Флойдтың Қазақстанға сапары Семей ядролық полигоны жабылуының 30 жылдығы қарсаңында өтіп жатыр. Елбасы жаһандық деңгейде Қазақстанның антиядролық бағыттағы күш-жігерін жоғары бағалағаны үшін ризашылығын білдірді. Ал Роберт Флойд Қазақстанның Тұңғыш Президентінің ядролық қарусыздану, оны таратпау, сондай-ақ атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану ісіне қосқан жеке үлесін атап өтті.
Роберт Флойд, Ядролық сынақтарға толық тыйым салу туралы шарт ұйымының басшысы:
- Сіз Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартты жүзеге асыруға ерекше ықпал еттіңіз. Қазақстанға сапарымның осы екі күнінде ел аузынан сіздің есіміңізді жиі естимін. Семейге сапарым барысында да, екі ресми тұлғамен кездесу барысында да сіз туралы жиі айтты.