Президент отандық ІТ-секторды мықтап дамыту керектігін айтты
Президент отандық ІТ-секторды мықтап дамыту керектігін айтты. Ұлттық жоба аясында 100 мың жоғары білікті ІТ-маман даярлау қажет. Мұндай бастама талай тиімсіз шығыстарды жоюға ықпал етеді. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтер ел азаматтары үшін қолжетімді болуы шарт. «Қысқасы, еліміз Еуразия өңірінің басым бөлігі үшін орталық цифрлық хабқа айналуға тиіс» – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Цифрландыру жөніндегі ұлттық жобаның аясында кемінде 100 мың жоғары білікті ІТ-маман даярлау қажет. Цифрлық саладағы қызметтер мен тауарлардың экспорты 2025 жылға қарай кемінде 500 миллион долларға жетуге тиіс.