Президент «ҚазТрансГаз» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Шәріпбаевты қабылдады
Өткен жылмен салыстырғанда магистральді тасымалдау көрсеткіші 14% өсіп, 65,4 миллиард текше метрге жеткен. Ұлттық оператордың табысы 8 айда 6% артып, 1,342 триллион теңге болды. Таза пайданың көлемі – 55% өсіп, 304 миллиард теңгеге жетті. Мемлекет басшысына биыл отандық газ тұтынушыларды 158,8 миллиард теңгеге субсидиялау шаралары, сондай-ақ бюджетке 128,4 миллиард теңге көлемінде салық және басқа да төлемдер түскені жөнінде айтылды.
Кездесу соңында Президент еліміздің газ саласын дамытуға бағытталған бірқатар міндет жүктеді.