Мемлекеттер басшылары Душанбеде басталатын Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы мен Шанхай ынтымақтастығы ұйымы саммиттерінің күн тәртібін талқылады. Сондай-ақ Ауғанстандағы ахуалды да айтты. Президенттер өңірдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығы үшін күш-жігерді бірлесе үйлестіруге келісті.