Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Венадағы бөлімшесінің Бас директоры Гада Валиді қабылдады
Кездесу барысында заңсыз есірткі айналымына, ұйымдасқан қылмысқа, жемқорлыққа, терроризмге, сондай-ақ кибер қылмысқа қарсы күрес жөніндегі ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық істердегі негізгі рөлін атап өтіп, Қазақстанның дүниежүзілік ұйыммен орнықты даму, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету салалары бойынша тығыз іс-қимылдарды жалғастыруға мүдделі екенін нақтылады.