Мемлекет басшысы зейнетақы жинақтарының шекті межесін көтеру мерзімін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартуды тапсырды
Шекті меже келесі жылдан бастап ең төменгі жалақының өсуіне байланысты көтеріледі. Зейнетақы жүйесінің негізгі міндеті – азаматтарды зейнетке шыққаннан кейін қажетті зейнетақымен қамтамасыз ету. Сондықтан жинақтың шекті межесін көтеру дұрыс қадам. Сонымен қатар Мемлекет басшысы зейнетақы қорындағы қаржысын пайдаланып үлгермеген азаматтарды қолдап, шекті межені көтеру мерзімін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартуды тапсырды.