Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
Бұл туралы Ақордада Президентке Асқар Мамин баяндады. Премьер-министр биылғы қаңтар-қазан айларындағы сыртқы сауда айналымының көрсеткіштері 82,2 миллиард долларды құрағанын мәлімдеді. Бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда 14,1% көп. Экспорттың көлемі де, 23,5% көбейіп, 49,1 миллиард долларға жеткен. Жиында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бағаны тұрақтандыру, инфляцияға қарсы кешенді шараны жүзеге асыру жайлы баяндалды. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал туралы айтылды.