2030 жылға қарай мұнай өндіру көлемі 104,2 млн тоннаға дейін ұлғаюы мүмкін
Мұндай болжамды сала министрі Ақордада Президенттің қабылдауында айтты. Мағзұм Мырзағалиевтің мәліметінше, қазір 10 млн 300 мың қазақстандық газбен қамтылған. Бұл елді газбен қамтамасыз ету деңгейі 55% деген сөз. 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 65% дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Энергетика министрі Президентке электр энергетикасы мен жаңартылатын қуат көздері салалары бойынша жалпы құны 30 триллион теңге болатын 157 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспары жөнінде айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай-газ-химия саласын дамыту үшін бірқатар тапсырма берді.