Биыл Президенттік жастар кадрлық резервіне 50 жас қабылданды
Дені – шетелде білім алған магистрлер. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованың мәліметінше, 19 – резервші мемлекеттік қызметкер болса, 24 – басшылық лауазымда жұмыс істеген. Жалпы байқауға барлығы 8 600-ден аса өтініш келіп түсіпті. Ал іріктеуді өткізу үшін бюджеттен 70 млн теңге бөлінді. Бұл қаражат IT-платформаны дайындап, сарапшыларды тартуға, сондай-ақ ассесмент орталықтарын ұйымдастыру үшін жұмсалды.
Анар Жайылғанова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы:
- Президенттік жастар кадріне іліккен үміткерлердің арасында лауазымды тұлғалардың балалары жоқ. Біз керісінше мүмкіндігі жоқ жастарға «әлеуметтік лифт» ұсынғымыз келеді. Негізі олар конкурсқа қатысып-ақ мемлекеттік қызметке бара алады. Бірақ Президенттік жастар кадр резерві арқылы өткісі келсе, неге көрмеске?