Конституцияның 70-бабына сәйкес Үкімет отставкаға кетті. Тиісті Жарлыққа Президент қол қойды. Премьер-министрдің міндеттерін уақытша атқару Әлихан Асханұлы Смайыловқа жүктелді. Атап өтейік, жаңа құрам бекітілгенге дейін Үкімет мүшелері өз міндеттерін атқара береді.