Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов қамауға алынды
Мұндай ақпарат Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайтында жарияланды. «6 қаңтар күні мемлекетке опасыздық жасау фактісі бойынша комитеттің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен өзге де жауапты тұлғалар уақытша ұстау изоляторына қамалды» – делінген хабарламада. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Қылмыстық Кодексте мемлекетке сатқындық жасаған адам 15 жылға дейін сотталып, Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылады.