Б. Уәли: Қ. Тоқаев – мемлекетіміздегі ең жоғары лауазымды тұлға
Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі жағдайды толық бақылауында өзі ұстап отыр. Бұл жайында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли телесұхбатында айтты. Президент тынышсыз күндер мен мазасыз түндерде нон-стоп режимінде жұмыс істеді. «Жағдай шиеленіскен тұста таңғы жеті, түнгі он бір демей, шұғыл жиналыстар өткізіп, елдің болашағы үшін батыл шешімдер қабылдады, елді тыныштандыру үшін халыққа эфир арқылы үндеулерін өзі жазып, өзі уақытылы таратып отырды», – дейді Берік Уәли.
Берік Уәли, ҚР Президентінің баспасөз хатшысы:
- Қасым-Жомарт Тоқаев – мемлекетіміздегі ең лауазымды тұлға және Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы. Сондықтан Мемлекет басшысы дербес шешім қабылдайды. Конституциялық құрылымға нұқсан келтіруді көздеген содырларды Қазақстанға шабуыл жасаған қайғылы күндерінде де сондай шешімдер қабылдаған. Қасым-Жомарт Кемелұлы отандастарымызға арнаған өзінің үндеулерін кеңесшілерінің көмегінсіз әдеттегідей өзі жазды, бастан-аяқ. Өзі редакциялады.