Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясының төрағасы болып сайланды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевты «Nur Otan» партиясының төрағасы етіп сайлау туралы ұсынған болатын. Еске салайық, «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXI cъезі жұмысын бастады, оған еліміздің барлық өңірінен 389 делегат онлайн-форматта қатысып отыр. Съезге бейнеконференцбайланысы режимінде ел басшылығы, Саяси кеңес мүшелері, аймақтық филиалдар өкілдері, депутаттар мен үкімет мүшелері қатысуда.
Бекітілген күн тәртібіне сәйкес келесі үш мәселе қаралуда:
1. Партияның Төрағасын сайлау туралы;
2. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
3. Саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізу туралы.