Өмірзақ Шөкеев Президентке Түркістан облысында 2021 жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берді
Өмірзақ Шөкеев былтыр атқарылған жұмыс туралы есеп берді. Өңірлік өнім көлемінің өсімі былтыр 2020 жылдағыдан 4,7% артқан. Облыс әкімі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сай Сайрам ауданындағы «Парасатты дискуссиялық клуб» туралы баяндады. Жоба күштік құрылым басшылары мен тұрғындардың кездесіп, әңгімелесуін қамтамасыз етеді.
Президент облыста атқарылып жатқан жұмыстарды оң бағалап, халықпен тығыз жұмыс істеуді күшейтуді тапсырды.