Қаңтар оқиғасы: Президент алғашқы сұхбатын неге орыс тілінде бергенін түсіндірді
Сұхбат барысында ол қаңтар оқиғасына қатысты алғашқы сұхбатын «Хабар» арнасына неге орыс тілінде бергенін түсіндірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Бұл ешқандай кемсітушілік те, менсінбеушілік те емес. Көп телеарна бұған дейін бірнеше рет сұхбат беруді сұраған. Мен олардың ешқайсысына келіскен жоқпын. Кейін тек «Хабар» арнасына сұхбат беремін деп шештім. Себебі ел ішінде көптеген жалған ақпарат тарап жатты. Оларға тоқтау салу керек болды. Бұл сұхбат, ең алдымен, әлем жұртшылығына Қазақстандағы ахуал жөнінде шынайы ақпарат беру үшін жасалды. Содан кейін шетелдік БАҚ сұхбатымды жан-жақты таратып, барынша пайдаланды. Орыс тілі – БҰҰ-ның алты ресми тілінің бірі. Оны мойындауымыз керек. Ал қазақ тіліндегі сұхбаттың өз аудиториясы бар. Жалпы, мемлекеттің мәселесін мемлекеттік тілде айтуымыз керек. Тіліміз бізден басқа ешкімге керек емес. Сондықтан, ең алдымен, оған өзіміз құрмет көрсетуіміз керек.