Президент «Самұрық-Қазына» АҚ төрағасы А. Сәтқалиевті және Қызылорда облысының әкімі Г. Әбдіқалықованы қабылдады
Алмасадам Сәтқалиев қорды реформалау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы мәлімет берді. Ол энергетика, мұнай-газ және инфрақұрылым салаларындағы ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысын айтты.
Сондай-ақ қор топтарының маңызды активтерін жекешелендіру және IPO-ға шығару жоспары туралы баяндады. Кездесу соңында Президент «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамын реформалауға, сатып алулардың ашықтығын арттыруға, отандық тауар өндірушілер мен жеткізушілерді қолдауға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қызылорда облысының әкімін қабылдады. Гүлшара Әбдіхалықова өңірде 2021 жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Облыстағы экономиканың негізгі көрсеткіштері айтарлықтай өскені жайлы статистика келтірілді.
Тағы Сырдария деңгейінің күрт төмендеуі, тауарлық газдың көтерме бағасы, тасымалдау тарифінің шығындары мен жергілікті газ үлесін арттыру және агроқұрылымдардағы жер дауы мәселелері туралы баяндалды. Президент Үкіметпен бірлесіп түйткілді мәселелерді шешу және қолға алынған жобаларды одан әрі жалғастыру жөнінде тапсырма берілді.