Nur Otan партиясының кезектен тыс XXII съезі басталды
1. Партияның Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу.
2. «Nur Otan» партиясының модернизациясы.
Бұл туралы «Nur Otan» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов Facebook парақшасында хабарлады. Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен «Nur Otan» Съезі 1 наурызда өтеді. Оның жұмысына еліміздің әр өңірінен 399 делегат қатысады. Іс-шара барысында партия жұмысын одан әрі жаңғырту бойынша басымдықтарды талқылау жоспарланып отыр. Съезд онлайн форматта өтеді.