Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады
Сондай-ақ қаржы және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар, соның ішінде халықтың теңгемен салған салымдарын қорғау, сыртқы және ішкі секторлардағы негізгі қатерлер ескеріле отырып, ақша-несие саясатының іске асырылу барысы туралы да баяндалды. Ғалымжан Пірматов валюта нарығындағы ахуал, Ұлттық банктің алтынвалюта резервтерінің және Ұлттық қор активтерінің жай-күйі туралы айтты. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.