Қ. Тоқаев кескілескен соғысты тоқтату үшін Украина мен Ресейді ортақ мәмілеге келуге шақырды
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев, кескілескен соғысты тоқтату үшін қос тарапты ортақ мәмілеге келуге шақырды. Өкінішке қарай Минскідегі келіссөздер тек қағаз жүзінде қалды. Себебі әскери ұрыс әлі жүріп жатыр. Геосасяи жағдай тіпті ушыға түсті. Енді осы Украина аумағындағы ұрыс-керісті дереу доғару үшін Мемлекет басшысы қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Тек сенім керек екенін тілге тиек етіп, бейбіт өмірсіз дамудың болмайтынын еске салды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Біздің ұстанымымыз мемлекетіміздің қауіпсіздігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етуді көздейді. Біз 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммитін өткізген ел ретінде еуразиялық қауіпсіздіктің тұтастығы қағидатына бейілдіміз. Мен бұл туралы 10 ақпанда Мәскеуге жасаған сапарымда айттым. Біз екі мемлекетті келіссөз үстелінде ортақ тіл табысуға, уағдаластық пен келісімге келуге шақырамыз. Басқа жол жоқ. Жақсы жанжалдан жаман бітім артық. Бейбітшіліксіз даму болмайды.