Қ.Тоқаев: ескірген тәсілдерден арылу керек
Президент тиісті жарлыққа қол қойды. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратураның басшылық құрамымен бейнебайланыс арқылы кеңес өткізіп, жаңадан тағайындалған басшыны таныстырды. Президент бұрынғы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовке атқарған жұмысы үшін ризашылығын білдіріп, жаңа қызметіне табыс тіледі. Қасым-Жомарт Тоқаев кеңесте тергеп-тексеру жұмыстары барысында заңдылықты қамтамасыз етіп, азаматтардың құқықтарын сақтау қажет екеніне назар аударды. Сонымен қатар расталған әр хабарламаға дер кезінде мән беріп, тергеу барысы жайлы халыққа уақытылы ақпарат таратуды тапсырды.