Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев Түркияның вице-президенті Ф. Октайды қабылдады
Әңгіме барысында олар Қазақстан-Түркия серіктестігін дамытудың келешегі мен халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Фуат Октайға ілтипат білдіріп, Түркия басшысы Режеп Тайип Ердоғанға жүрекжарды сәлемін жолдады және оның биыл мамыр айында Түркияға сапармен бару жөніндегі шақыртуын шын көңілмен қабыл алғанын жеткізді.
Түркияның вице-президенті өз кезегінде Президент Режеп Тайип Ердоғанның Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан халқына жолдаған сәлемін жеткізді және Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық байланыстардың 30 жылдығына орай жолдаған түрік басшысының құттықтау хатын жеткізді.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның биыл қазан айында елордада өтетін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысу туралы шешіміне ризашылық білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Сізді Қазақстанда көргеніме өте қуаныштымын. Сапарыңыз сәтті өтеді деп есептеймін. Президент Ердоғанның шақыртуын ризашылықпен қабылдаймын. Қос ел барлық салада қатынысты жақсы жолға қойған. Әрине, белгілі жетістіктерге жеттік. Оны әрі қарай дамыта түсуіміз керек.
Фуат Октай, Түркия Республикасының вице-президенті:
- Жылы қабылдауларыңыз үшін алғысым шексіз. Мен Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған өзі жазған құттықтау хатты алып келдім. Сіздердегі жол картасы өзгеде елді дамытуға бағытталған реформалар жүргізіліп жатқанынан хабардармыз. Біздің бауырлас елдер жақсы қарым-қатынас пен әріптестікті одан әрі дамыта түседі.