Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады
Бұл туралы Президент қабылдауында болған Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп баяндады. Мемлекет басшысына судьялардың іріктелуін жетілдіру шаралары, соттардың кадрлық резервін қалыптастыру барысы және судьяларға қатысты тәртіптік тәжірибе жайлы мәлімет берілді. Денис Шипптің айтуынша, Кеңестің қызметі ашықтық пен шынайылық қағидаттары бойынша жұмыс істеуге негізделген. Судьяларды іріктеу кезінде олардың кәсіби және жеке қасиеттеріне шынайы баға беріліп, қоғамдық пікір жан-жақты зерттеледі.