Елімізде үш облыс пайда болады
Аймақтың өзіне тән тарихы, айналысатын кәсібі, сонда туып-өскен қазақтың ұлы тұлғаларының құрметіне байланысты Абай, Ұлытау облысы және Қонаев шаһары деген атау беріледі.
Семей. Қаланың тарихы бір мың жылдан асады. Шекаралық және әскери база 1718 жылы құрылды. Бүгінде машина жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібінің орталығы. 350 мыңнан астам тұрғыны бар. Семей 1997 жылға дейін облыс орталығы болған. Енді сол мәртебесі қайта берілгелі тұр.
Жезқазған – еліміздің мысты қазынасы. Оның кен орны адамзатқа 3 мың жыл бұрын белгілі болған және сол кезеңнен бастап өндірген. Елді мекен атануына да дәл осы қазба байлығы себепші болды. Қала мәртебесін 1954 жылы алды. Қазіргі аумағы – 1,8 мың шаршы километр. Кәсіп түрі – түсті металлургия, тамақ өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы.
Тағы бір жаңа облыс орталығы Қапшағай қаласының аумағында құрылады. Қала 1970 жылы құрылған. Қазір құрамына екі округ және 11 елді мекен бар. Тұрғындарының саны 60 мыңнан асады. Негізгі бағыты – туризм және ойын-сауық орталықтары.