Биыл елордада 28 жарым мың жұмыс орны ашылады
Қала әкімінің айтуынша, бас қаланың басты проблемасы – баспана мәселесі. Сапа жағынан да, сан жағынан да жақсартып жатыр. Мысалы, биыл 300-ден астам отбасы апатты жағдайдағы тозығы жеткен тұрғын үйлерден көшіріледі. 16 мың үлескердің 13 мыңының мәселесі шешіледі. Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы дамыту мен абаттандыру жөнінде әкімге тапсырма жүктеді.