Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі туралы үштомдық жинақ жарыққа шықты
Сонымен қатар кітапқа Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021-2022 жылдардағы Қазақстан халқына арнаған Жолдаулары енді.
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Кемелұлының бір жылғы қызметінің қорытындысы ретінде осы жинақты оқырманға ұсынып отыр. Сондай-ақ жинақта Мемлекет басшысының қатысуымен өткен іс-шараларда түсірілген суреттер берілді. Кітапта жарияланған материалдар қызығушылық танытқан зерттеушілер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін құнды әрі пайдалы құжат болары анық.
Мемлекет басшысының сөйлеген сөздері осымен үшінші жыл жинақ болып шығып отыр.