Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Президенттер елдер арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту мен аймақтық кооперацияны кеңейту перспективаларын талқылады. Сондай-ақ сауда-экономикалық және басқа да салалардағы ынтымақтастықты жандандыруға ерекше назар аударды. Тараптар Өзбекстан басшысының былтыр желтоқсанда Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асыру мәселелері жөнінде пікір алысты. Әңгіме соңында президенттер бір-бірін қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады. Телефон арқылы сөйлесуге Өзбекстан тарапы бастамашы болды.