Мемлекет басшысы белгілі экономист Жақсыбек Құлекеевті қабылдады
- Категория: Саясат

Белгілі экономист Жақсыбек Құлекеев Президент қабылдауында мұнай-газ секторының ғылыми-инжинирингтік әлеуетін күшейту мәселелерін талқылады.
Мемлекет басшысына жаһандық геосаяси дағдарыс жағдайында ұлттық экономиканы дамыту жөнінде ұсыныстар айтылды. Сондай-ақ ғалым Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өз көзқарасын білдірді. Сонымен қатар Жаңа Қазақстан құру аясында мемлекеттік қызметшілер мен экономика саласындағы мамандарды даярлау және қайта даярлау мәселелері талқыланды.