Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады
Жалпы жыл басынан бері 727 экономикалық құқықбұзушылық анықталған және 67 миллиард теңгенің шығыны өтелген. Президентке адал бизнеске жасалатын қысымды азайту, жою жөнінде де мәлімет берілді. Жанат Элимановтың айтуынша, мұндай қылмыстардың саны азайып келеді.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев төрағаға кәсіпкерлердің құқығын мүлтіксіз қорғау тұрғысында тапсырмалар берді.