Президент Binance криптобиржасының негізін қалаушы Чанпен Чжаоны қабылдады
- Категория: Саясат

Мемлекет басшысы әлемдегі ірі Binance криптобиржасының негізін қалаушы әрі бас директоры Чанпен Чжаоны қабылдады.
Кездесу барысында еліміздің салалық құрылымдары мен Binance компаниясы арасында ынтымақтастықтың ұзақ мерзімді перспективалары, сондай-ақ Қазақстанда криптоиндустрияның өңірлік хабын құру мәселесі талқыланды.
Кездесу соңында Президенттің қатысуымен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Binance компаниясының арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.