Қонаев қаласының тұрғындары қалай дауыс беріп жатыр?
Шаһар тұрғындары бұл өзгеріс игі істерге бастайды деп үміт артып отыр. Бүгінде Қонаев пен оған қарасты екі ауылдық округте 62 мыңнан астам халық тұрып жатса, соның 46 мыңға жуығы дауыс береді.
Қарлығаш Қайыпбекова, тілші:
- Қонаев қаласының жұртшылығы үшін осы өтіп жатқан республикалық референдум ерекше маңызға ие. Шаһар бойынша 33 референдум учаскесі жұмыс істеп жатыр. Оның төртеуі жабық мекемеде орналасқан. Атап айтқанда, осы маңдағы әскери қалашық пен түзеу мекемесіндегі азаматтарға да референдумға қатысуға жағдай жасалған. Оған қоса, 200-ге жуық адам үйден дауыс беруге өтініш білдірген. Сондай-ақ қалада 3 учаскеде әлеуметтік-зерттеулер институтының бірі экзит-полл жүргізіп жатыр. Бұл – №935 учаске.
Жалпы референдум өткізу халықаралық тәжірибеде кең қолданылады. Қоғамдық-саяси ортақ мәселе бойынша халықтың пікірі мен ұстанымы референдум арқылы шешіліп жатады.