Аида Балаева республикалық референдумда дауыс берді
Мәдениет және ақпарат министрі Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада орналасқан №164 референдум учаскесінде дауыс берді.
Аида Балаеваның пікірінше, «АЭС-ті салуға қатысты референдум – саяси мәселе емес, бірақ экономикалық тұрғыдан алып қарағанда еліміздің ертеңгі дамуына бірден бір ықпал ететін іс-шара». Сондықтан бұл референдумға әр азамат қатысып, өз таңдауын жасауы қажет.