Саяси науқан әділ өтті ме?
Бұл туралы «Партиялық емес байқау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы мәлімдеді. Төлеген Күнәділовтің сөзінше, референдумның әділ өтуін орталықтың 20 мыңға жуық өкілі бақылаған. Еліміздің әр аймағында дауыс берушілер мен қызметкерлердің тарапынан ешқандай шағым түспеген. Былтыр құрылған дербес ұйым өкілдері елдегі маңызды шараларды бақылау құқығына ие. Ол үшін еріктілер қандай да бір науқанның алдында арнайы дәріске қатысады.
Төлеген Күнәділов, «Партиялық емес байқау орталығы» ҚБ төрағасы:
- Референдум өте жоғары деңгейде өтті деп баға беруге болады. Осы науқанды ашық және әділ түрде өткізуге кедергі жасайтын, не болмаса соған септігін тигізетін заңбұзушылықтар тіркелген жоқ.