Президент Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов пен Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады
Депутаттар мен «Amanat» партиясы мүшелері азаматтардан 20 мыңнан аса өтініш жинаған. Үкіметпен бірлесіп, қазақстандықтардың ұсыныстары мен көтерген мәселелері пысықталады және заң шығару кезінде ескеріледі.
Ерлан Қошанов Мемлекет басшысына Қазақстан делегациясының 6 маусымда Ереванда Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Парламенттік Ассамблеясы кеңесінің көшпелі отырысына қатысқанын, онда халықаралық байқаушылар миссиясы жұмысының қорытындысы жарияланып, еліміздегі референдум ұлттық заңға сай деп танылғанын жеткізді.
Бұрын соттағы істердің тек 2-3% ғана татуласумен аяқталса, қазір бұл көрсеткіш 37% жеткен. 2018 жылға дейін ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша бір жылда орта есеппен 23 адам ақталса, соңғы 4 жылда жыл сайын 160-тан астам азамат кінәсіз деп танылған.
Бұдан бөлек қазір көптеген кәсіпкер мен азамат әділдік тапқан, істер солардың пайдасына шешілген жағдай емес.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болған Жақып Асанов сот жүйесінің қазіргі даму барысы туралы баяндады. Кездесуде соттардың сапасын жақсарту, азаматтардың сотта қорғалуын күшейту, сот ісін жүргізуді оңтайландыру жайы да сөз болды.