Қатар мен Қазақстан агроөнеркәсіп кешеніндегі бірлескен жобаларды жүзеге асырады
Ол үшін Қатар президенті қазақ еліне арнайы топ жібермек. Бұл туралы Қатар Әмірі Тамим бен Хамад Әл Тәни Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу кезінде айтты. Мемлекет басшысы бұл елге Қатар Әмірінің арнайы шақыруымен ІІ Қатар экономикалық форумына қатысу үшін барған болатын. Президент форумның ашылу рәсіміне қатысты. Алда Қасым-Жомарт Тоқаев «In Conversation with President Tokayev» атты арнайы панельдік сессияға қатысады деп жоспарланған. Оны «Bloomberg Television» жүргізушісі Манус Крэнни жүргізеді. Қатар экономикалық форумының қорытындысы бойынша жаһандық өсімнің келесі кезеңіне жоспар әзірленіп, пандемиядан кейінгі әлемді қалыптастыру үшін нақты шешімдер ұсынылады.
Сондай-ақ осы форум аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның премьер-министрі Ираклий Гарибашвилимен кездесті. Мемлекет басшысы өзара сауда көлемін арттыруды ұсынды. Ол үшін Ақтау және Құрық айлақтарының, сондай-ақ Батуми теңіз айлағының әлеуетін пайдалану қажет.