Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Қайрат Келімбетовтің айтуынша, АХҚО-да әлемнің 65 елінен 1500-ден аса компания тіркелген. Тартылған инвестицияның жалпы көлемі 6,9 миллиард долларға жеткен. АХҚО соты мен Халықаралық арбитраж орталығы жалпы 1200-ден астам даулы мәселені қарастырған. Қасым-Жомарт Тоқаев елдің экономикалық дамуында «Астана» халықаралық қаржы орталығы маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, шетелдік инвестиция тарту жұмыстарын күшейту қажет екенін айтты.