Қ. Тоқаев ШЫҰ саммитіне қатысады
Саммит жұмысы екі күнге жоспарланған. Негізгі жиын ертең өтеді. Бұл жолы көне шаһарда 14 елдің президенті бас қосады. Биылғы жиынның мән-маңызы ерекше, ұйымның географиялық аумағы кеңейеді. Самарқанда «Шанхай сегіздігіне» Иран қосылып, «тоғыздыққа» айналады. Бүгін Тегеранның міндеттемелері туралы меморандумға қол қойылды. Жиында геосаяси ахуал, әлем мен аймақты алаңдатқан өзекті мәселелер талқыланып, бірқатар маңызды құжат бекітіледі деп жоспарланып отыр. Қалада қауіпсіздік шаралары барынша күшейтілген. Ал ұйымға мүше елдердің өкілдері өз мәдениеті мен дәстүрін дәріптеп жатыр.